Әйелдер құқығын қорғау – кәсіподақтар назарында

БҰҰ-ның бас Ассамблеясының 1999 жылғы 17 желтоқсандағы шешімі бойынша 25 қараша Халықаралық әйелдерді қорғау күні болып табылады.

БҰҰ-ның анықтамасы бойынша әлемнің 70 % -на жуық әйелдер қауымы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шегеді және  35 % қыз келіншектер басқа да түрлі зорлық-зомбылықтарға кезігеді екен.

Осыған байланысты Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының ұжымы ауқымды жиналыс өткізді.

Жиналыста әйел азаматтардың бүгінгі таңдағы әл-ауқаты мен тұрмыс жағдайы сөз болып, оларды осындай зорлық-зомбылықтарға жататын түрлі жағдайлардан қорғау мәселелері қозғалды. Жиналыста кітапхана директоры,  директор орынбасары және Кәсіподақ басшысы сөз сөйлеп, әйел азаматтардың құқықтары айтылып өтті.