Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.Оның кепілі – заңдылық.Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы.
Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған.
25 қараша – 1999 жылғы 17 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясы жариялаған Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні. БҰҰ мәліметтері бойынша әйелдердің 70 пайызға жуығы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегеді, әлемдегі әйелдер мен қыздардың 35 пайызы өмір бойы физикалық немесе сексуалдық зорлық-зомбылықтың кез-келген түрін бастан кешеді. БҰҰ үкіметтерді, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарды, қоғамның назарын осы проблемаға аударуға бағытталған іс-шаралар өткізуге шақырды.
Сонымен қатар, осы жылдың маусым айында Халықаралық еңбек конференциясының делегаттары кәсіподақтарға гендерлік негіздегі зорлық-зомбылықпен одан әрі күресудің ерекше мүмкіндігін беретін жаңа № 190 Конвенцияны қабылдады. Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қысымшылықты жою туралы Конвенциясы.
№ 190 Конвенцияға сәйкес, кәсіподақтар еңбек әлеміндегі зорлық-зомбылық пен қысымшылықпен күресуде маңызды рөл атқарады.
Халықаралық әйелдер күніне қатысты зорлық-зомбылықты жою және № 190 Конвенцияның қағидаттарын насихаттау аясында Қазақстандық салалық мәдениет, спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы Атырау облыстық филиалы осы күнге арналған №1 және №2 қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесу ұйымдастырды. Болашақта әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтан азат болуды көздейтін қозғалысымен ынтымақтастық белгісі ретінде, қатысушылар білектеріне қызыл күлгін ленталар мен «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ» ұрандарын ұстап отырды.
Қазақстандық салалық мәдениет, спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы