Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев кəсіподақтар орталығының төрағасы Б.Бекжановпен кездесті

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыстық  кəсіподақтар орталығының төрағасы Б.Бекжановпен кездесті.

Кездесу барысында кәсіподақ төрағасы еліміздегі кәсіподақ қозғалысының әл-ахуалын баяндай келе, кәсіподақ ұйымының жұмысын кеңінен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Өз кезегінде өңір басшысы аталған сала бойынша жүзеге асырылатын тың жобаларды әкімдік тарапынан толықтай қолдау білдіретінін жеткізіп, жаңа идеяларға сәттілік тіледі.

Шара аясында облыс əкімі Жансейіт Түймебаевқа кəсіподақ мүшесінің куəлігі табысталды.