Жамбыл облыстық активінің жиналысы өтті

Бүгін Жамбыл облыстық қазақ драма театры базасында облыстық активтің жиналысы өтті.

Аталмыш жиында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінен туындайтын міндеттер талқыланды. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов баяндама жасады.

Жиналыс аясында сөз алған Жамбыл облыстық Кәсіподақ  орталығының төрағасы Мейрамбек Төлепберген үндеудің маңыздылығы мен Елбасы айтып өткен бастамалардың қоғамға аса қажетті мәселелер болып табылатындығын жеткізді.