«Көк тудың желбірегені» Осындай атаумен әлеуметтік желіде бастау алған эстафета жалпы халықтан қолдау тапты. Аталмыш шараға мұрындық болған Түркістан облысы Шымкент қаласы бойынша “Кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігі бұл бастаманы Қазақстандықтарға ресми жолдады. Тәуелсіздік күні қарсаңында қолға алынған эстафета жалпы ұлттық шараға айналатынына сенімді ұйымдастырушылар.
Ағымдағы жылдың шілде айында әлеуметтік желілердегі тараған«Көк тудың желбірегені» акциясы жоғары рейтингке ие болғаны белгілі. Әсіресе, жас буын өкілдері мемлекеттік маңызы зор мереке қарсаңында белсенділік танытып, патриоттық сезімдерін интернет арқылы көптеп бөліскен. Аталмыш жобаға белсенді атсалысқан патриот азаматтарға арнайы диплом мен төсбелгілерін табыс етілді.
Күлия Айдарбекова, ұйымдастыру алқасының мүшесі (00:29Бұл іс-шараның ерекшелігі біз мемлекеттік рәміздере ерекше көңіл бөліп жатырмыз. Үлкен іс-шаралар болып жатыр, марапаттаулар, тілек тілеп бәріміз еркеше сезімде отырмыз. Елдің рухын көтеретін бұл жиында эстафетаны барша қазақстандықтарға ыстық ілтипатпен жолдаймыз.)
Марапатталғандардың қатарында Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов пен бейнелеу өнері мұражайының директоры Айнабек Оспанов, ақын Дәурен Айманбет пен «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің тілшілері Қайрат Кәрібаев, Ақмарал Молдиярқызы бар.Жиында Түркістан облысы кәсіподақтар ұйымының басшысы Берік Бекжанов қала тұрғындарын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Көк байрағымызды қастерлеп, ардақ тұтуға шақырды.
Берік Бекжанов–Түркістан облысы Шымкент қаласы бойынша “Кәсіподақтар орталығы”аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы ( жалпы бұл іс-шараның мақсаты тәуелсіздікті тау етіп, сонымен қатар ата-бабалар рухымен келе жатқан тәуелсіздіктің ақтаңының маңыздылығын және оны жалпы маманат ретінде тәуелсіздіктің құндылығы туралы осындай ойлар қаралып жатыр)
Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге шақырған іс-шара филармония өнерпаздарының концертімен жалғасты. Айта кетейік, «Көк тудың желбірегені эстафетасы» патриоттық акциясында білім, денсаулық, мәдениет салаларының қызметкерлері де белсенділік танытқан болатын.
http://shymkenttv.kz/kz/news/society_public/shymkenttikter-estafeta-zholdaidy