Ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында «Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Кеңес отырысы және атқару комитетінің отырысы өтті.
Жиынды облыстық ұйымның төрағасы Садық Әбдіқадыров жүргізді.
Аудандық, қалалық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, есепшілер мен мамандар қатысқан облыстық ұйымның Кеңес отырысы және атқару комитетінің отырысында бірқатар басты мәселелер қаралып, шара соңында сала ардагерлеріне марапаттар табысталды. Оның ішінде Панфилов аудандық филиалының төрағасы Мақытбек Тұрлыбеков Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының “Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісімен марапатталды.
Бүгінде білікті басшы Мақытбек Әділұлын Тәуелсіздік күні қарсаңында еңбегінің жемісі ретінде алған марапаттарымен барлық кәсіподақ мүшелері құттықтап, ізгі тілектерін білдіреді.