Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Нұрлан Әбдіров, Гүлнар Бижанова, Арман Қожахметов «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Ленин атындағы шахтасының еңбек ұжымымен кездесті.
«Қорғау» көміршілер кәсіподағы, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы өкілдері шахтерлердің зейнеткерлік жасын төмендету, көмір кәсіпорындарында жалға алу еңбегін пайдалану, ауыр еңбек жағдайларымен байланысты қызметкерлердің кәсіби ауруларының алдын алу мәселелерін көтерді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары шахтерлердің барлық қызықтырған сұрақтарына жауап берді, көмір саласы қызметкерлерінің барлық санаттарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясымен белсенді бірлескен жұмыс пен ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.