Кәсіподақ мүшелері марапатталды

17 қаңтарда Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының «Жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығының» құрылғанына 20 жыл толуы аталып өтті. ​ Салтанатты шараға облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы С.Сермағамбетов қатысып, мереке иелерін құттықтап, сала қызметкерлерінің ​ облыстағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бағытындағы ерекше еңбектерін атап өтті. Салада жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар кәсіподақ мүшелеріне облыстық кәсіподақтар бірлестігінің марапаттары табысталды.

Айта кету керек, Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы арасында еңбек жағдайларын жақсарту және кәсіптік жарақаттар мен аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды қоса алғанда, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша келісілген әрекеттерді жүзеге асыру бойынша Меморандум аясында ынтымақтастық орнатылған.