Қоғамдық кеңес – өзекті мәселелерді талқылау алаңы

Ақтөбе қаласында «Достық үйі» ғимаратында Қоғамдық келесім кеңесінің отырысы өтіп, оған облыстың Қазақстан халқы ассамблеясының және қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, этномәдени бірлестік жетекшілері мен белсенділері, сонымен қатар мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Іс-шарада кеңестің 2019 жылы атқарылған жұмыстарына тоқталып, содан соң кеңестің құрамына жаңа мүшелер қабылданды. Соның бірі Ақтөбе облысы Кәсіподақтар Орталығының төрағасы А.Әмірғалиев болды.

Қазіргі уақытта бүкіл республика көлемінде 1500-ге жуық қоғамдық келісім кеңестері жұмыс істейді. Ассамблеяның негізгі қызметін атқарып отырған қоғамдық келісім кеңестері бүгінде қоғамымыздағы келелі істерді шешуде маңызды қызмет атқарып отыр.

Кеңес қызметі қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтарды, мемлекеттік емес ұйымдарды қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті құру мен күшейту үрдісіне тартуға, қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, әлеуметтік және қордаланған басқа да мәселелерді шешуге атсалысуға, қайырымдылықты, бітімгершілікті-медиацияны, делдалдықты және қоғамдық басқару жүйесін дамытуға бағытталған.

Отырыс кезінде Кеңестің іс-шаралар жоспарының жобасысы талқыланып, соңында қатысушылар пікір алмасып, қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысына қатысты ұсыныстарын жеткізді.