oninfo.kz: “«ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫ» АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІ 2019 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ”

— Шымкент қаласы бойынша 422 бастауыш  кәсіподақ ұйымында 34093 кәсіподақ мүшесі бар.  Сонымен қатар, қала аумағында 16 бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылып, оған 826 мүше тартылған.

 Жалақы қарыздары бойынша

 Үшжақты комиссиямен жалақы қарыздарын шешу бағытында тиісті жұмыстар атқарылып, 2019 жылдың қорытындысымен 10 мекеменің 1293 жұмыскер алдындағы 192,8 млн. теңге жалақы қарызы анықталды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде   3 мекемеде жалақы қарызы толық өтелген және жалпы 179,0 млн. теңге жалақы қарызын өтеу нәтижесінде 1220 жұмыскерлердің еңбек құқықтары қорғалды.

Өткен 2018 жылмен салыстырғанда: жалақы қарызы бар мекеме саны бірдей, ал жұмыскер саны 728-ге және мекемелердің жұмыскерлерге жалақы қарызының соммасы 106 млн. 200 мың теңгеге азайған.

2019 жылдың 20 қарашасы күні «Shymkent Bus» ЖШС-нің жұмысшылары жұмыс берушіден жалақы қарызын талап етуі жөнінде БАҚ-тарда көрсетілген болатын.

Аталған жағдайға байланысты Еңбек инспекциясының анықтауы бойынша «Shymkent Bus» ЖШС-де 407 жұмысшы жұмыс атқаратыны және жұмыскерлерге жалақылары ай сайын төленіп отырғаны, бірақ қазан айының 23136000 теңге көлеміндегі жалақысы төленбегені мәлім болды.

 Өндірістік жазатайым оқиғалар туралы

 2019 жылдың қорытындысымен 51 жазатайым оқиға орын алып,  салдарынан 58 адам зардап шеккен, оның ішінде қайтыс болған адам саны – 9ауыр жарақат алған адам саны – 22жеңіл жарақат алған адам саны — 27.

Оның ішінде топтық жазатайым оқиғалар саны – 3, оның салдарынан зардап шеккен адам саны — 10, оның ішінде қайтыс болған адам саны-2, ауыр жарақат алған адам саны-5, жеңіл жарақат алған адам саны-3.

Өткен 2018 жылмен салыстырғанда: жазатайым оқиға саны 18-ге, зардап шеккендер саны 22-ге, қайтыс болған адам саны – 5-ке, ауыр жарақат алған адам саны – 14-ке  азайып отыр.

Еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша салалық кәсіподақ ұйымдарымен атқарылған жұмыстар

 Бүгінгі күнге кәсіподақ мүшелерінің 8484 адамы немесе 5,0% оқытудан өтті.

Еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша 1405 өндірістік кеңес, оның ішінде 1303-і кәсіподақ бастамасымен құрылған.

Жалпы жұмыс жасайтын 1552 еңбек қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың 1512-сі немесе 97,5% біліктіліктерін көтерген.

Еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша 608 тексерулер өткізілген.

Оның ішінде: өндірістік кеңестің бастамасымен 172  тексеру, жұмыскерлердің бастамасымен 134 тексеру және тағы басқа тексерулер жүргізілген.

Нәтижесінде 538 еңбек заңдылықтарын бұзушылық анықталып, ол ескертпелер толығымен түзетілген.

Кәсіподақ ұйымдары 78 еңбек дауын шешуге және жазатайым оқиға орын алған жағдайларды зерттеуге қатысқан. 57 жұмыс орны аттестаттаудан өткізіліп, өндірістік кеңес жұмыстарындағы еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша 126 семинарлар өткізілген.

 Ұжымдық шарт жасасудың жағдайы

 2019 жылдың басында жұмыс жасап тұрған жалпы 21661 кәсіпорынның 1063 (4,9%) кәсіпорында ұжымдық шарт жасалған, ал 20598 (95,1%) жекеменшік кәсіпорында ұжымдық шарттар жасалмаған.

Өйткені оларда кәсіподақ ұйымдары ашылмаған.

Жасалған 1063 ұжымдық шарттың 238-і мерзімі өтуіне байланысты барлығы жаңа мерзімге ұзартылып жасалған, ал 178 ұжымдық шарт қайта жаңадан жасалған.

 Статистикалық мәлімет бойынша Шымкент қаласында:

— Жалпы тіркелген заңды тұлғалардың саны 21661, оның ұжымдық шарт жасасқаны 1063 немесе 4,9%;

— Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 13752, оның ұжымдық шарт жасасқаны 1063 немесе 7,7%;

— Белсенді заңды тұлғалардың саны 6705, оның ұжымдық шарт жасасқаны 1063 немесе 15,9%.

(2018 жылы жалпы 6763 кәсіпорынның 873-де (12,9%) ұжымдық шарт жасалған, ал 5890 (87,1%) мекемеде ұжымдық шарт жасалмаған).        

 Татуласу орталығының жұмысы

 Орталықта жалпы 470 адамға көмек көрсетілген. Оның ішінде:

  1. Медиациялық процеспен дауларын шешуге келген азаматтар 282, оның барлығы бітімгершілікпен сәтті аяқталған. Оның ішінде, еңбек дауы бойынша келгендер 34 болса, оның барлығы бітімгершілікпен сәтті аяқталған.
  2. Бұдан бөлек, 188 адамға психологиялық көмек көрсетілген.

Оқу орталығының жұмысы

 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына» аясында, «Шымкент кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы оқу орталығында, 2019 жылы 100 жұмыссыз азамат 3 айлық, қысқа мерзімдік курста оқып шықты. Оның ішінде 50 адам «тігінші» мамандығында, 25 адам «жиһаз жинақтаушы» және 25 адам «электргаздәнекерлеуші» мамандықтары бойынша 3 ай бойы білім алды.

3 ай ойдағыдай біткен оқу курсы және емтихан кезеңінен соң, барлық 100 бітіруші тәлімгер «кәсіптік білім даярлау туралы» куәлік алып шықты. Оның ішінде, 60 бітіруші жұмыспен қамтылса, 20 бітіруші алған мамандық бойынша кәсібін жалғастыру мақсатында, мемлекет тарапынан берілген   505000 теңге көлеміндегі грант иегерлері атанды.

 Кәсіподақтар орталығы жанындағы «ПРОФТУР» туристік орталығының жұмысы туралы

 Бүгінгі таңға кәсіподақ мүшелері мен өңір тұрғындарының қажеттілігіне сәйкес 14 шипажаймен агенттік келісім жасалды.

Оның ішінде:

— 5 кәсіподақ шипажайларымен: «Меркі», «Жаңақорған», «Манкент», «Ақжайық», «Щучинский» шипажайымен агенттік келісім жасасқан.

— 9 жекеменшік шипажайларымен: «Ақбұлақ» (Алматы облысы, Талғар ауданы), «Ақсу демі», «Ontstik thermal resort» ЖШС шипажайы (Сайрам ауданы), «Арыс» (Арыс қаласы), «Күлпаршын» (Жетісай қаласы),  «Сарыагаш Жылысу NS» ЖШС және «Сарыағаш» шипажайы (Сарыағаш ауданы), «Ақкен саумал» емдік-сауықтыру (Шымкент қаласы Ақтас-2) орталығымен,  «Сарыагаш.kz» ЖШС-мен келісім-шартқа отырды.

Бүгінгі күнге жолдама сату жұмыстары басталып, алғашында жалпы  82 жолдама өткізілсе, оның 78-і шипажайларға және 4-уі балалар жазғы лагеріне берілген.

Сонымен бірге, салалық кәсіподақтармен шипажайларға       3,0 мыңға жуық адамға жолдама және 800-ге жуық балаға балалар жазғы лагеріне жолдама берілген.

Арысқа көрсетілген көмек

Арыс қаласының кіре берісіне құны 30,0 млн. теңгелік қала қақпасының құрылысы салып, пайдалануға берілді. Жалпы құны 4,0 млн. теңгені құрайтын 40 адамға шипажайларға жолдамалар тапсырылды.

Құрбан айт күнінде 150 адамға дастархан жазылып, ас берілді.

Төтенше жағдайға байланысты алғашқы күндері Шымкент қаласына Арыс қаласынан келген 400-ге жуық азаматтарға кәсіподақ орталығының «Южказпрофсервис» ЖШС-і жалпы сомасы 720,0 мың теңгенің көмегін көрсетті. Оның ішінде азық-түліктер және киім-кешектер, төсек орындары, тазалық заттары, балалар ойыншықтары, және тағы басқа да керекті заттармен қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, оларға «Южказпрофсервис» ЖШС-нің есебінен 4 мезгіл ыстық тамақ берілді.

 Кәсіпорындардың шетел жұмыс күштерін тартуы туралы

 Шымкент қаласы бойынша 2019 жылы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тартуға 2145 бірлік квота бөлінген.

Бөлінген квота негізінде 36 кәсіпорындар мен ұйымдарда 504 шетел азаматтарына рұқсат берілген және 12495 Қазақстан Республикасының азаматтары жұмыс жасауда.

Қазақстандық қамту пайызы 96,0%.

Тартылып жатқан шетел жұмыс күшінің білікті мамандарының үлесі 95,2%.

Шымкент қаласының еңбек инспециясы және көші-қон басқармасы еңбек инспекторларының тексеру нәтижелері бойынша 3 мекеменің 306 рұқсаты кері қайтарылған.

Барлық тексерулер нәтижелері бойынша айлық жалақы төлеуде сәйкессіздіктер анықталмаған.

 «Қытай-Мұнай инженер құрылыс тобының еншілес кәсіпорнын» тексеру қорытындысы бойынша 115 шетел азаматтары елден шығарылған.

https://oninfo.kz/shymkent-alasy-k-sipoda-tar-ortaly-y-auma-ty-k-sipoda-tar-birlestigi-2019-zhyldy-orytyndylady/