Жастар бейбітшілік үшін алғыспен!

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдаған, Тұрсынбек Қабатов бастау салған #БізБіргеміз челленджы аясында Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығының «Келешек» Жастар кеңесінің мүшелері Жеңіс күнінің 75-жылдығы қарсаңында игі істерді жүзеге асыруға кірісіп, «Жастар бейбітшілік үшін алғыспен» акциясын бастады. Бүгін жас ұрпақ өкілдері Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жұбайлары Қайнаш апай мен Альфия Бикенованың үйлерінің ауласында қолайсыз ауа райы салдарынан жиналып қалған қалың қарды жинаумен айналысты.

Қайнаш апай – Қарағанды қаласының Құрметті азаматы, Құрметті кенші, 1942 жылы Кеңес Әскерінің қатарына шақырылып, Забайкальда, Қиыр Шығыс майданында соғысқан, I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған Каппас Түсіповтың жұбайы.

Әлфия Бикенова – Қарағанды қаласының Құрметті азаматы, полковник, Кеңес Армиясының Ташкент әскери-жаяу әскер училищесінің курсанты болып, Мәскеу және Белорус әскери округтерінің 8 гвардиялық әуе-десанттық бригадаларының рота жазушысы болды. «Қызыл Жұлдыз», ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін» және тағы басқа медальдармен марапатталған Қабеш Бикеновтің жұбайы.

Жұбайлары өздерінің батырлары туралы жылулықпен және көздеріне жас алып айтып берді, жас ұрпаққа деген ықыласын білдіріп, көрсеткен көмектері үшін Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясына алғыстарын білдірді.

Өткенді есте сақтау керек және әрине барымызды бағалау керек, өйткені Ұлы Отан соғысының қатысушылардың саны көп емес. Қазіргі уақытта Қарағанды облысында 75 ҰОС қатысушысы және 9108 соғыс жылдарындағы тыл еңбеккері тұрады. Сол себепті, Жеңіс пен төбеміздегі бейбіт ашық аспанымыз үшін ризашылығымыздің қажет сәтте жандарынан табылып, көмек көрсетіп білдіруіміз керек.

Қар тазалау жұмыстары аяқталғаннан кейін «Келешек» Жастар кеңесінің мүшелеріне кофе-брейк және кинофильмді көру ұйымдастырылды. Бұл игі іске Білім және ғылым, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі, мемлекеттік қызметкерлер, «YNTYMAQ» орта және шағын бизнес қызметкерлерінің кәсіподақтарының өкілдері белсенді ат салысты.


БІЗДІҢ БАТЫРЛАРЫМЫЗ МӘҢГІЛІККЕ ЕСІМІЗДЕ! ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ!

#БізБіргеміз #Келешек #ФПРК #fprk #БізБіргемізКелешек #Бейбітшілікүшіналғыс #Сблагодарностьюзамир