Жұмысшылардың әлеуметтік кепілдігі – кәсіподақтар бақылауында

Кәсіподақтар бірлестіктерінің өкілдері мен жұмыс берушілер және Ақтөбе облысының әкімдігі үшжақты келісім жасады. Бұл – Ақтөбе облысындағы ірі өндіріс орындарының жұмысшыларының еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз етуге арналған.

Меморандумға Ақтөбе облысының Кәсіподақтар орталығы мен облыс әкімдігі және өңірдегі ірі кәсіпорындар – “Восход-Oriel” ,”Восход Хром” және “Ақтөбе мыс компаниясы” мен “Коппер Текнолоджи” жауапкершілгі шектеулі серіктестіктері қол қойды. Кәсіпорын өкілдері жұмыс орындарын қысқартпауға келісті. Ең алдымен кадр мәселелеріне байланысты шешімдер ерекше бақылауда болады. Кәсіподақ көшбасшыларының пікірінше, бірлескен үйлестірілген жұмыс жергілікті еңбек нарығын қорғауға көмектеседі.

“Ақтөбе облысының Кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Алтынбек Әмірғалиев кәсіпорын басшыларының жұмыс орындарын сақтау, жалақыны уақытылы төлеу және көбейтуге ерекше назар аудару қажеттігін айтты.