Ерліктері – ел есінде

Ұлы жеңіске – 75 жыл. Елімізде Отаны үшін ұрысқа қатысып, ерлік жасаған ардагерлеріміз саусақпен санарлықтай. Оларға құрмет көрсету – бізге міндет.

Осы мақсатта «Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Қаратал аудандық филиал төрағасы Берік Нұртілеуұлы, Кемел Тоқаев атындағы  қайырымдылық қорының төрайымы Валентина Григорьевна, жастар кеңесінің төрайымы Айгерім Шынтемирова ҰОС-ның ардагері Тұрарбек Ахметшеновтың  үйіне барып, жағдайын біліп, құрмет көрсетті.

Небәрі 17 жасында майданға аттанған Тұрарбек Ахметшенов 143-жеңіл артиллериялық полк құрамында фашистік Германияға қарсы ұрыстарға қатысқан. Қаруластармен бірге Варшава қаласын жаудан азат етіп, жеңісті Берлинде қарсы алғанын айтып, сұрапыл соғыстағы майдандастарының ерліктерін  қимастықпен еске алды. Сонымен қатар, ардагер елдің іргесі аман болуын тілеп, батасын берді.

Аталған шара алдағы уақытта жалғасын табады.