Дезинфекциялау жұмыстары әр айналым сайын жасалуда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 “Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы” Жарлығы аясында “Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов салалық кәсіподақтар басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын.

Осы орайда, “YNTYMAQ” орта және шағын бизнес саласы жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы Бауыржан Әлтеев кәсіподақ құрамындағы “Shymkent Bus” ЖШС-і автобустарына жасалатын санитарлық алдын алу шараларын тікелей бақылауына алды.

Кәсіподақтар “Shymkent Bus” ЖШС-інде қызмет ететін еңбеккерлер мен қала ішінде қатынайтын жолаушылардың денсаулығы үшін алаңдаулы. Сондықтан да, дәрілеу (дезинфекциялау) жұмыстары әр айналым сайын жасалуда. Кәсіподақтар күніне 4-5 рет жасалатын профилактикалық жұмыстардың басы-қасында болуда.