Ақтөбе облысының шалғай аудандарында кәсіподақтар бұл жұмысқа белсенді үлес қосуда. Мәселен, Ойыл аудандық білім саласы қызметкерлерінің кәсіподағы білім беру саласындағы кіші қызметкерлерді тегін медициналық бетперделермен қамтамасыз етуде.
«Ауданның орталықтан шалғайлығын, әрі дәріханаларда маскалардың аздығын ескеріп, біз алдын-ала көтерме бағамен сатып алдық. Бүгінде 500 данадан астам бетпердені тараттық. Бұл шаралар ҚР Кәсіподақтар федерациясының Үндеуіне сәйкес өз мүшелерімізге және әлеуметтік әріптестерге осы қауіптерді азайту мақсатында күш біріктіріп, қызметкерлерді жеке қорғаныш құралдармен қамтамасыз етуге өз қолдан келген мүмкіндіктерімізді қарастырудамыз», – деп атап өтті аудандық кәсіподақ жетекшілері.