Бірыңғай республикалық «Біз біргеміз!» акциясы аясында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы «Келешек» Жастар кеңесінің еріктілері азық-түлік таратуды ұйымдастырды.
Егде жастағы адамдар короновирустық пандемия кезінде ең осал топ екені белгілі. Олардың қоғамдық орындарға баруын барынша азайту керек.
Инфекцияның таралуына қарсы барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, денсаулығына байланысты өнімді сатып ала алмайтын егде адамдарға қажетті азық-түліктерді жеткізді.
Бірінші, Ұлы Отан соғысының ардагері, атқыштар дивизиясының командирі Иван Скрипниковке көмектесуден бастады.
Қол ұшын берудің кішкентай қадамы болса да, ол бірлік пен қолдауды қамтамасыз етеді. Бәріміз бірге барлық қиындықтарды жеңіп шығамыз, сондықтан мұндай жағдайда бір-бірімізді қолдауымыз керек!
#Бізбіргеміз #ФПРК #келешек