Елімізде коронавирус пандемиясына қарсы төтенше жағдай енгізілуіне байланысты бұл дерттің өршуінің алдын алу мақсатында Жамбыл облысы да карантин режиміне өткені белгілі.
Осындай қиын кезеңде өңірдегі алпауыт өндірістік кәсіпорын – «Казфосфат» ЖШС-і басшылығы мен осы кәсіпорынның кәсіподақ ұйымдары өз қаражаттары есебінен бірлесе отырып, кәсіпорын қызметкерлерінің ішіндегі аз қамтылған отбасылар мен көп балалы жанұяларға азық-түлік таратты.
Атап айтқанда, осы санаттағы 610 отбасына 60 тонна ұн, 68 тонна күріш және 17,5 тонна қант берілді. Көмек алған отбасылар бүгінгідей қиын кезеңде кәсіпорын басшылығы мен еңбек адамына әрдайым қолдау көрсетуге әзір кәсіподақ ұйымдарына зор алғыс білдіруде.