Төтенше жағдай кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көп балалы және мұқтаж отбасыларға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.
«BIZ BIRGEMIZ» республикалық акциясын қолдау мақсатында «Central Asia Cement» АҚ және «Карцемент» АҚ Құрылыс кешені және ТКШ қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды филиалының кәсіподақ ұйымымен бірлесе отырып, кәсіпорын қызметкерлері мен Теміртау қаласының Ақтау кентінің тұрғындары арасынан көп балалы және аз қамтылған жүзден астам отбасыларға көмек көрсетті.
Шамамен, 450 мың теңге көлемінде бірінші қажеттілік бойынша азық-түлік жиынтығы жасалды.
Өз кезегінде, көмек көрсетілген отбасылар кәсіподақ ұйымы мен кәсіпорын әкімшілігіне осындай қиын кезеңде көрсетілген қолдаулары үшін үлкен алғыстарын білдірді.
#ФПРК #BIZBIRGEMIZ #кәсіподақ