Қызылорда облысындағы «Жаңақорған» шипажайында 1 сәуірден бастап вирусты жұқтырған азаматтармен байланыста болуы мүмкін деген 86 азамат карантинге жатқызылып, медициналық бақылауда болуда. Азаматтарда инфекция сынамасы бойынша теріс нәтиже анықталып, барлығының да денсаулықтары жақсы болып шықты. Дегенмен олар қазірде 14 күн бақылауда болуы үшін шипажайда қалдырылған. Азаматтарға шипажайдың 17 қызметкері қызмет көрсетуде.
Кеше шипажайға тағы да 15 азамат карантинге жатқызылды. Оларға шипажайдың оқшауланған бөлімінен жайлар ұсынылып, орналастырылды.
Сонымен қазірде шипажайда барлығы 101 азамат медициналық бақылауға алынған.