azatmedia.kz: “ИГІ ІС ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ”

Түркістан облысында «Біз біргеміз» акциясы жалғасын тапты, – деп хабарлайды AzatMedia.kz.

Қазіргі таңда еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қиын-қыстау сәтте кәсіподақтар халықпен бірге екендіктерін көрсетуде.

«Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Түркістан облыстық кәсіподақ филиалына қарасты Шардара аудандық комитеттің төрайымы Бақытгүл Биманова, өз қолымен дайындап, Жетісай – Шардара, Шардара – Келес блокбекетіне және карантинде күн-түн демей, отбасына жете алмай, қызмет көрсетіп жатқан дәрігерлерге бір мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырды. Ел басына осындай қиын сәт түскенде, халықпен бірге болып, жәрдем қолын созған аудандық комитет төрайымына шын жүректен алғыс айтамыз.

https://azatmedia.kz/zhanalyqtar/igi-is-zhalgasyn-tapty/