Ақтөбелік мұнайшылар халықтың ризашылығын алуда

Ақтөбеде мұнай компаниясының бастауыш кəсіподақ ұйымы ауыл тұрғындарына көмектесті. Казіргі індет таралып, киын кезеңде қарапайым халықтың арасындағы мұқтаж жандарға көмек көрсету, қолдау кәсіподақтар мүшелері үшін бір жақсы талап болуда.

«Кенқияқмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасының бастауыш кəсіподақ ұйымының мүшелері 500 мыңнан астам қаражат жинап, аз қамтылған, қарттар мен көп балалы, əрі мүгедек балалары бар отбасыларға азық-түлікпен және санитарлық талаптарға сай гигиналық заттар қамтамасыз етті. Ірі мұнай кенішінің іргесінде орналасқан Кенқияқ, Саркөл, Шұбарши кенттеріндегі 30 отбасыға көмек көрсетілді.

«Біз өз тарапымыздан ауыл тұрғындарына қолдау жасап, ауызбірлік танытып, бір – бірімізге тіреу болып, қиындықтарда жұдырықтай жұмылып, өз ара ынтымағымызды білдіргіміз келді» дейді «Кенқияқмұнай» мұнайгаз өндіру басқармасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Батырбек Қанбаев.

Бұндай игі іс-шаралар жалғасын әрдайым табуда.