Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде төтенше жағдайға байланысты еңбек қатынастары мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсету мақсатында кәсіподақтардың қызу желісі жұмыс жасауда.
Қызу желіге «Ана мен бала» Қызылорда облыстық перзентханасы қызметкерлері жұмыс орындарындарына қатынауға ұйымдастырылған автобусқа жолақысын төлеулерінің қаншалықты дұрыс екендігі туралы сұрақ келіп түсті.
Айта кетейік, облыста төтенше жағдай кезіндегі карантин режимі талаптарына сәйкес қоғамдық көліктердің тоқтауына байланысты жұмыс беруші жұмыскерлерді өз тарапынан жұмысқа қатынауын ұйымдастыруы тиіс болатын.
Мәселе облыстық штаб назарына жеткізіліп, тиісті шаралар қабылданды. Қазіргі таңда перзентхана жұмыскерлерінің жұмысқа қатынау тасымалы жұмыс беруші күшімен тегін ұйымдастырылатындығы хабарланды.