2018 жылғы 27 наурызда Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің мүшесі, мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов келді.
Сапардың мақсаты – сала кәсіподақтарының өңірлік деңгейде жүргізіп жатырған жұмысымен танысу, мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Батыс Қазақстан облысының салалық кәсіподағының кезекті VІІ пленумін өткізу, сондай-ақ мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Батыс Қазақстан облысының филиалының төрағасын сайлау.
Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Батыс Қазақстан облысының филиалының төрағасы лауазымына Есекенова Айгүл Оразқызы сайланды. А.О. Есекенова әр жылдары Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысы, Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі қызметтерін атқарған.
Сапар барысында М.Жақыпов облыстың кәсіподақ активімен кездесу өткізіп Қазақстан Республикасы 2018-2019 жылдары кәсіподақтарды жаңғырту жол картасының негізгі бағыттарын талқылады.
Өткізілген жиындарға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғ.А. Оспанқұлов, Батыс Қазақстан облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Е. Салықов қатысты.
Жиын Батыс Қазақстан облысы кәсіподақтар орталығы мен мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Батыс Қазақстан облыстық салалық кәсіподағының арасында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюмен аяқталды.
Келісімде кәсіподақ кадрлары оқыту бойынша, еңбек дауларын және жанжалдарды реттеу, кәсіподақ ұйымдарына келіссөздер жүргізуге және ұжымдық шарттар мен келісімдерді қол қою бойынша көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік әріптестікті дамыту бойынша бірлескен іс-қимыл мәселелері қарастырылған.