Бейбітшілік үшін алғыспен

Жеңіс күнінің 75-жылдығы қарсаңында Кәсіподақтар Орталығының, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесінің және мемлекеттік, банктік мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподақтарының аймақтық филиалдарының және «Nur Otan» партиясының Қарағанды қалалық филиалының өкілдері ардагерлердің үйлеріне барды.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы тарапынан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлері, Қарағанды облысының Кәсіподақтар Орталығы жанындағы ардагерлер ұйымының мүшелеріне, атап айтқанда, кинофикация нұсқаушысы Шевченко Павелге, тазалық сақтаушы қызметкері Харрасова Хазарға және коммуналды-тұрмыстық кәсіпорындар облыстық комитетінің төрағасы Дьякова Татьянаға материалдық көмек көрсетілді.
Қарағанды облыстық Ардагерлер кеңесінің тізім есебінде Ұлы Отан соғысының 64 қатысушысы және соғыс жылдарындағы 8564 тыл еңбеккері бар.
ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРЛЕР, ДЕНСАУЛЫҚТАРЫҢЫЗ МЫҚТЫ БОЛСЫН !

#ФПРК #ҚРКФ #Қарағанды #ЖеңісКүні