«Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов «Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі күні» қарсаңында мемлекеттік қызмет саласында аянбай еңбек етіп, еліміздің әлеуметтік-экономикасына және кәсіподақ қозғалысына белсенді үлес қосып жүрген бірқатар кәсіподақ мүшелеріне құрмет көрсетті.
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салықтық бақылау бөлімінің бас маманы Гульсум Есимбековаға «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасы» және Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салықтық бақылау бөлімінің бас маманы Асан Серікханұлына «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Құрмет Грамотасы» табысталды.