Солтүстік Қазақстан облысының кәсіподақтары еңбек мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін барлық мүмкіндіктерді белсенді пайдаланады.
СҚО Кәсіподақтар орталығының заң мәселелері және медиация жөніндегі бас маманы Л. П. Голенкова еңбек ұжымдарында карантиндік іс-шаралар әрекетінің ерекшеліктерін және кездесулер өткізу бойынша шектеулерді ескере отырып, “Актуальный вопрос” муниципалдық телерадиоканалдың хабарына қатысты, оның барысында ҚР Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер жарияланды және телекөрермендердің сұрақтарына жауап берілді.
Айта кету керек, бұл бағдарлама солтүстік қазақстандықтардың қызығушылығын арттырады және оны бірнеше рет қарау мүмкіндігі еңбек қатынастарының барлық қатысушыларының құқықтық білімін арттыруға ықпал етеді.