ҚР Кәсіподақтар федерациясының коронавирустан қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтуы

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы коронавирустық індет салдарынан жақындарынан айрылғандардың барлығына қайғырып көңіл айтады.

Қауіпті індет жүздеген отандастарымыздың өмірін қиып, барлығымыз үшін ауыр сынақ болды. Бұл үлкен трагедия және бәрімізге ортақ қасірет.

Біз орны толмас қайғы-қасіретті бөлісеміз және осы қиын сәтте берік рух, батылдық пен төзімділік тілейміз.

Біз бірге қарсы тұра аламыз, барлық кедергілерді еңсеріп, жеңіске жетеміз!

Біз #ұмытпаймыз