Кәсіподақтар қоғамдық бақылау жүргізуде

Қазіргі таңда бүкіл әлемді алаңдатып отырған коронавирустың инфекциясымен қатар, пневмония да күннен-күнге өршіп отырғаны баршамызға аян. Аспан асты елінен басталған бұл вирус қазіргі таңда жарты жаһанды жаулап отыр. Қазақстанда карантиндік режим енгізіліп, шектеу шаралары күшейтіліп ұзартылуда.
Осыған байланысты, “Қызмет” мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы, Шардара аудандық филиалының төрайымы Биманова Бахыткүл Құрмантайқызы мекемелерде ұжым мүшелерінің санитарлық режим талаптарының сақталуын қадағалап шықты.
Мекемелерде кіре берісте кезекшілік талаптары сақталған. Бетперде кию, дене қызуын өлшеу, әр бөлмеге антисептиктер қою, жұмыс орнын екі мезгіл хлормен жуу, дезинфекциялау, қызметшілердің ара қашықтығын сақтау тұрақты түрде жүргізілуде.
Сондықтан, баршаңызды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамыз. Жеке бас гигиенасын сақтап, дәрігерлердің кеңесін шартты түрде орындап отыру керек.
Денсаулықтың басты кепілінің бірі – спорт болып табылатындықтан, спортпен жиі шұғылдануды ұсынамыз. Бұл індетке өзіміздің ішкі иммунитетімізді күшейту арқылы ғана қарсы тұра аламыз. Сондықтан, дүрлігуге жол бермей, барынша сақтық шараларын сақтайық!