«Теплотранзит Караганда» ЖШС еңбек ұжымы, карантин кезеңінде бірде-бір күн өз жұмысын тоқтатпаған кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын әкімшілігі (Бас директор – Әлішер Ибрагимов) кәсіподақ комитетімен (кәсіподақ Төрағасы – Ольга Вершинина) бірлесіп карантиндік шаралардың қатаң сақталуын ұйымдастырып, қамтамасыз етеді.
Бүгін қоғамдық мониторинг мақсатында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақ Орталығы төрағасының орынбасары Татьяна Шатохина және «YNTYMAQ» орта және шағын бизнес қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының өкілі Вера Бородина орталық пайдалану аудандық учаскесінде карантиндік іс-шаралардың ұйымдастырылуымен және сақталуымен танысты. Кәсіпорында қабылданған санитарлық нормалар кешені туралы кәсіподақ комитетінің төрағасы Ольга Вершинина және аудандық пайдалану учаскесінің бастығы Евгений Тациев айтып, көрнекі түрде көрсетті. Жұмысқа шыққан кезде температураны өлшеу жүргізіледі, олар журналға жазылады, қолды антисептикпен өңдеу жүзеге асырылады және қызметкерлерге жеке қорғану құралдары беріледі. 900-ден астам адам еңбек ететін «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС-нде жалақы уақытында төленеді, әлеуметтік төлемдер ұжымдық шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Еңбекшілердің демалуына жағдай жасалған – учаскеде күркемен жасыл оазис бар.
Жұмыскерлерді тапсырманы алғаннан кейін жаңа жылыту маусымына дайындық бойынша жөндеу-құрылыс және монтаждау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқан Қарағанды қаласының нақты мекен-жайлары бойынша тасымалданады.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының мониторинг топтары енгізген карантиндік шаралар жағдайында кәсіпорындарда еңбек ұжымдарының мүшелері үшін қатаң санитарлық нормаларды қамтамасыз ету және сақтау бойынша қоғамдық бақылауды жалғастыруда.
#ҚРКФ #Қарағанды #Теплотранзит