Қазіргі таңда кәсіпорын жұмысшылары белгіленген барлық санитарлық талаптарды сақтап жұмыстарын жалғастырып отыр.
Акпром серіктестігінің жұмысшылары карантин кезінде жұмыс ауқымын еш қысқартпай, облысымыздың іргелі кəсіпорны Ақтөбе ферроқорытпа зауытының 1 жəне 4 ші цехтарындағы құрылыс жөндеу жұмыстарын атқаруда.
“Біз кəсіпорындарда ұжым мүшелерінің санитарлық режим талаптарының сақталуына бастауыш кəсіподақ ұйымдарының жетекшілерімен бірлесіп назар аударып отырмыз.Сақтық шаралары қатаң сақталған.Күн сайын жұмысшылардың жағдайын біліп отырамыз.Басты байлық -денсаулық.Оны сақтау-баршамызға үлкен жауапкершілік жүктейді”,-деді Тұрғын үй коммунальдық шаруашылық және құрылыс мекемелері жұмысшыларының салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Қуанбай Коктов.
Өңірде пневмониямен ауырғандар саны азайып келеді.Күшейтілген карантин талаптарының сақталуы басты назарда.Оны мониторингтік топтармен қатар ірі кəсіпорындар мен мекемелердегі бастауыш кəсіподақ ұйымдарының жетекшілері мен мүшелері де қадағалауда.
“Жұмыс орнында бетперде тағу, дене қызуын өлшеу,антисептиктермен қамту,бөлмелерді хлормен жуу, əлеуметтік арақашықтық сақтау тұрақты түрде қолға алынған.Жұмысшылардың денсаулығы мен еңбек қауіпсіздігі-басты назарда”, – дейді Акпром серіктестігінің бастауыш кəсіподақ ұйымының төрайымы Галина Булах.