Пошта қызметкерлерінің жұмыс орындарындағы санитарлық сақтық шаралары назарда

Әлемді жайлаған коронавирус пандемиясының елде өршіп тұрған қауіпті кезеңінде де пошта ​ қызметі үздіксіз жұмыс атқарып отыр. Дегенмен, қызметкерлердің денсаулығы кауіпсіздігі мақсатында карантин талаптарына сәйкес қазірде «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалы қызметкерлерінің, соның ішінде әкімшілік қызметкерлердің ​ 80 пайызға жуығы қашықтықтан жұмыс жасауда. Жұмыс режиміне өзгеріс енгізіліп, сағат 14.00 ге дейін штаттық режимде жұмыс жасайтын қызметкерлердің жұмыс орынындағы қорғаныш құралдарымен қамтылуы, санитарлық сақтық шаралардың ұйымдастырылуы кәсіподақ ұйымының жіті назарында болып, қоғамдық бақылау жүргізілуде. ​ Қазіргі таңда пошта қызметкерлері қорғаныш құралдарымен толық қамтылған, пошташыларға қорғаныш киімдері берілген, бөлімшелерде әлеуметтік қашықтық сақталады, антисептик құрылғылары орнатылған.