БҚО кәсіподақтар орталығының “Келешек” жастары ерікті түрде бақылау жұмыстарына қатысты

2020 жылдың 22 шілдесі күні «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасын іске асыру аясында жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау  және өңірдегі күрделенген карантиндік шараларды қатаң түрде сақтай отырып,  жұмыс тәртібінің дұрыс орындалуын бақылау мақсатында арнайы мониторингтік топ Оренбургская, Алаш, Матросова көшелеріндегі күрделі жөндеу объектілеріне  арнайы бақылау жүргізді. Аталмыш мониторингтік топтың құрамында «Акжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК облыстық филиалының мамандары, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Орал қаласы әкімдігі мамандары, БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділерімен қатар,  Батыс Қазақстан облысы “Кәсіподақтар орталығы” АКБ-і жанындағы “Келешек” жастар кеңесінің жетекшісі, белсенді жас – А.Шайқы да болды.  Аталмыш жобаның басты мақсаты – ашықтықты қолдай отырып, белсенді азаматтық қоғаммен жол салу және жөндеу жұмыстары арасында өзара іс-әрекет орнату.