Салалық кәсіподақ мекемелерге бақылау жүргізуде

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі КММ-де қоғамдық бақылау жүргізді. Қазіргі таңда мекемеде қызмет жасайтын 85 қызметкердің 35-і еңбек демалысында. Қашықтықта 40 қызметкер жұмыс жасауда. Қоғамдық бақылау барысында 10 қызметкер карантин талаптарын толығымен сақтап, жұмыс жасап жатқаны анықталды.