Құрылыс алаңдарында карантиндік шараларды сақтау мониторингі 

Қарағанды облысының 22 құрылыс алаңдарында қатаң карантиндік талаптар жағдайында 300-ден астам адам еңбек ететін «АСПАП» ӨК тарапынан санитарлық нормаларды сақтау бойынша қажетті шаралар қабылдануда.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақтар Орталығының төрағасы, облыстың Қоғамдық кеңесінің мүшесі Болат Жұмабеков және «АСПАП» өндірістік кооперативінің директоры, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Төлеген Әшімов бірнеше рет түрлі диалогтық алаңдарда құрылыс саласы ең алдымен жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауға және еңбекшілерді қорғауға бағытталуы тиіс деген пікірлер айтқан. Қазіргі уақытта қатаң карантиндік шаралар біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Нұра ауданының Ахметауыл ауылында дәрігерлік амбулатория салу кезінде 20 адам жұмыс істейді, олар үшін әкімшілік тарапынан қауіпсіз жұмыс істеуге және тұруға  жағдай жасалған.

Ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік маңызды нысан ағымдағы жылдың тамыз айының соңында пайдалануға беріледі.

#ҚРКФ #ҚАРАҒАНДЫ  #АСПАП