Елімізде дәстүрлі түрде әр жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісі «Спорт күні» болып белгіленіп, аталып өтіледі.
Осыған орай, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ Батыс Қазақстан облыстық филиалы қазіргі ел аумағындағы ахуалды ескере отырып, сала мамандарын құттықтады. Соның ішінде, өңірдегі спорт мектептерін, спортшылыр мен спорт ардагерлерін, облыстың жас спортшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.
Еліміздегі спорт саласының мәдениетімізбен тарихымызда алар орны ерекше. Қазақстанда бұқаралық спорт қозғалысының дамуына ерекше ден қойылып, қолдау білдірілуде. Жыл сайын ел үмітін ақтаушы, туымызбен әнұранымызды әлем алдында танытып жүрген жеңімпаздарымыз да жетерлік. Ендеше еліміздегі мәдениеттің көші, салауатты ұрпақ болашағының кепілі болып жүрген спортшыларды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!