«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында

Жылда дәстүрлі түрде өтетін әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету, әлеуметтік осал топтағы отбасынан шыққан жеткіншектер себепсіз мектепке бармай қалудың алдын алу үшін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өзінің кезекті жұмысын бастады.

Биылғы жылы әлем бойынша қиын сәттерді өткізіп жатқанымыз аян. Бірақ соған қарамай қайырымды істерді атқаруды Алматы қаласы Кәсіподақ ұйымдары тоқтатқан емес. Қазақстан Республикасы «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің» Алматылық филиалы қазіргі уақытта тыңбай, демалыссыз жұмыс атқарып отырған медицина қызметкерлерінің мектеп табалдырығын енді аттағалы жатқан бөбектеріне мектепке қажетті кеңсе тауарлары мен сөмкелерді сыйға тартты. Жалпы алғанда 150 медицина қызметкерінің балаларына жәрдем көрсетілді.

Адам жанының арашасы ақ халатты абзал жандар өз алғыстарын айтып, жұмыстарын жалғастыруда.