ҚРКФ Бас Кеңесінің мүшелері Кәсіподақтар федерациясының алдағы XXVI Съезінде талқыланатын негізгі құжаттардың жобаларын талқылады.
Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Сатыбалды Дәулеталин айтып өткендей, ҚРКФ Стратегиясының жобасы бүгінде еліміздегі еңбеккерлерді алаңдататын әлеуметтік-еңбек саласының өзекті мәселелерін қамтиды.
«Бүгінде үлкен жауапкершілік жүктейтін және кәсіподақтардан тиісті жауап беруді талап ететін көптеген сын-тегеуріндер бар. Біз осы мәселелердің шешімін табуымыз тиіс. Біздің алдымыздағы басты мақсат – алдағы бес жылда өз қызметімізді тиімді атқаруға мүмкіндік беретін Стратегия құру», – деп атап өтті Сатыбалды Дәулеталин.
Федерацияға мүше ұйымдардың өкілдері жұмыс істеген құжаттың мазмұны туралы сөз қозғағанда, ҚРКФ басшысы ҚРКФ барлық бастамалары Еңбек адамы, ұжым, отбасы, сенімділік, ашықтық және ерекшелік атты алты негізгі құндылықтардың айналасында шоғырланғанын хабарлады.
«Кәсіподақтар федерациясының миссиясы – жұмысшылардың кәсіби, әлеуметтік және еңбек құқықтары мен мүдделерін ұжымдық қорғау. Стратегияны ойдағыдай жүзеге асырған жағдайда Федерация өзін жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын, әлеуметтік серіктестіктің жауапты тарабы ретінде әрекет ететін, жалпыға танылған халықаралық еңбек стандарттарын жүзеге асыруға ықпал ететін және елдегі азаматтық қоғам институттарымен және шетелдегі кәсіподақ ұйымдарымен сындарлы өзара әрекеттесетін ықпалды күшті ұйым ретінде көреді», – деп атап өтті Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.
Оның айтуынша, Стратегияда Федерация мен оның құрылымдарының алдағы бес жылдағы жұмысы жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың бес бағытына бағытталатындығы баса айтылған. Бұл жерде еңбекақы жүйесін жетілдіру, лайықты еңбек жағдайларын жасау, кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қорғау, еңбек даулары мен жанжалдарды шешу және қоғамдық бақылау туралы айтылған.
Бас Кеңес мүшелері бірауыздан Стратегия жобасының мазмұнын мақұлдады және оның ҚРКФ Съезіне ұсынылуын қолдады.
Отырыс барысында Кәсіподақтар федерациясының Жарғысына бірқатар толықтырулар де мақұлданды.
ҚРКФ Төрағасының орынбасары Гүлнара Жұмагелдиева атап өткендей, ҚРКФ Жарғысына өзгерістер енгізу қолданыстағы және оң шетелдік тәжірибені ескере отырып, құқықтық реттеудегі бар олқылықтардың орнын толтыру және ережелерін жаңарту қажеттілігіне байланысты.
Атап айтқанда, Кәсіподақтар федерациясының тек Үкіметпен ғана емес, сонымен бірге биліктің басқа тармақтарымен өзара әрекеттесу аясын кеңейту, ҚРКФ мүше ұйымдары мен кәсіподақ мүшелерінің мүдделері үшін сотта әрекет ету құқығын қамтамасыз ету, Федерацияның білім беру және ғылыми ұйымдарын құру қызметінің мақсаттарын кеңейту және т.б. ұсынылады.
«Уақыт талаптары ең маңызды проблемалық мәселелер бойынша жедел шешім қабылдауды талап етеді. Осыған байланысты Федерацияның жоғарғы органы – Съезд жеке өкілеттіктерді, тек Съездің айрықша құзыретіне жатқызылған өкілеттіктерді қоспағанда, Бас Кеңеске, Атқару комитетіне, Федерация төрағасына беру құқығына ие болады», – деп атап өтті Гүлнара Жұмагелдиева.
Федерация Төрағасының кандидатурасына қойылатын талаптар қайта қаралды. Жарғының жобасына сәйкес Федерация Төрағасы лауазымына бір адам қатарынан екі мерзімнен артық сайлана алмайды.
Бас Кеңес мүшелері тікелей дауыс беру арқылы Сатыбалды Дәулеталиннің Съезде Кәсіподақтар федерациясының төрағасы болып сайлануға кандидатурасын ұсыну туралы шешім қабылдады.
Отырыс аясында ҚРКФ Бас Кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді.
Кәсіподақ ұйымының таратылуына байланысты кәсіпкерлік саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының ҚРКФ мүшелігін тоқтату және оның төрағасы Самат Мурзатаевты Бас Кеңес құрамынан шығару туралы қаулы қабылданды.
«Yntymaq» салалық орта және шағын бизнес жұмысшылары кәсіподағының Бас кеңес мүшесі Асхат Асылбековтің өкілеттігін тоқтату және Түркістан облысы мен Шымкент қаласы филиалы төрағасы Бауыржан Алтеевтің Бас кеңесі мүшесінің өкілеттіктерін бекіту туралы алқалы ұсыныстары қолдау тапты.
Сондай-ақ, отырыста Съездің жұмыс органдарын, ҚРКФ тексеру комиссиясын құру, Съездің қаулылары, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ребрендингі туралы мәселелер қаралды.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметі