2020 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының XXVI съезінің жұмысына «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ Маңғыстау облысының филиалының атынан делегат ретінде Дина Бақытжанқызы Нұрпеисова қатысты.
Съезд бес жылда бір рет шақырылатын кәсіподақтың жоғары органы ретінде ҚРКФ Бас кеңесінің өткен кезеңдегі жұмысы туралы есебін, Тексеру комиссиясының есебін бекітті.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы болып Сатыбалды Телағысұлы Дәулеталин сайланды. ҚРКФ-ның 2020-2025 жылдарға арналған «Әділеттілік пен дамуға – бірлікте» атты стратегиясын қабылдады.
«Съездегі барлық шешімдер бірауыздан дауыс беру арқылы қабылданды, бұл әртүрлі салалардағы кәсіподақ бірлестіктерінің біртұтастығын көрсетеді. Съезд жұмысының форматы қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн режимде жүргізілгеніне қарамастан, съезд делегаттары бірлік пен ынтымақтың ерекше атмосферасын сезінді. Соңғы жылдарда өндірістік жарақаттану көрсеткіші төмендегені қуантады. Әлеуметтік әріптестік мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Кәсіподақтар федерациясы мен оның мүшелік ұйымдары республикадағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне деген көзқарасты өзгерте алды. Кәсіподақтар федерациясы мен оның құрамындағы мүшелік ұйымдардың негізгі бағыттарының бірі төмен жалақы алатын жұмыскерлердің жалақысының өсуін бақылау жөніндегі республикалық және аймақтық штабтардың жұмысына белсенді қатысу болды. «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ Маңғыстау облысының филиалы қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша белсенді жұмыс атқарылуда. Біз кәсіподақтар қозғалысын қолдаймыз әрі дамытуға атсалысамыз», – дейді Дина Бақытжанқызы.