Ынтымағы жарасқан кәсіподақтар «әділеттілік пен даму жолында»

Дана халқымыз «Ынтымақ – бұзылмайтын қорған» деп өсиет қалдырған. Ең алдымен, кәсіподақтардың ынтымағы мен бірлігі, еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты сақтау, жалпы жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы алтын көпір ретінде өз функциясын орындау болып табылады.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының тарихында өткізілген әрбір съезд – еңбек қатынастарындағы тұрақтылықты нығайтып, одан әрі дамыту жолында мәртебелі миссияны қолға алғанын білеміз. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Бүгнгі кәсіподақ – азаматтық қоғамның басты белгісінің бірі» деп сөзімізді одан әрі жандандырды. Жұмыскерлер тарапынан да, жалпы қоғам тарапынан да жоғары сенімге ие Кәсіподақтар Федерациясының жұмысы Еңбек Кодексіне және «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу бойынша ұтымды жұмыстардар атқарды.

Еңбек жағдайларын және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу бойынша міндеттемелерді айқындау мақсатында жұмыскерлер үшін 19 салалық, 200-ден астам өңірлік келісімдер, сондай-ақ 136,5 мың ұжымдық шарт жасалып, қолданылуда. Бұл бәріміздің жетістігіміз. Қазіргі қиын жағдайда съезде айтылғандай, кәсіподақтардың алдында әлеуметтік әріптестермен бірге күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайдан ең аз шығынмен шығу және әрбір қазақстандықтың ертеңге деген сенімін сақтау міндеті тұр. Біз, ынтымағы жарасқан кәсіподақтар «Әділеттілік пен даму жолында» тұрақты жұмыс жасауымыз қажет.

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов