Праймеризге қатысушы кәсіподақ өкілдері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде

Еліміздің ең ірі саяси партиясында жүргізіліп жатқан партияішілік сайлаудың тіркеу кезеңі аяқталып, дәл қазіргі уақытта үгіт-насихат жұмыстары өткізілуде. Праймеризге қатысушы кандидаттар бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен кездесіп, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстыруда. Сол кандидаттардың бірі – Атауов Бауыржан Аяпбергенұлы.

Бауыржан Атауов – 1973 жылдың 12 маусым күні Жаңақала ауданы, Пятимар ауылында дүниеге келген Батыс Қазақстан облысына белгілі, қоғамның белсенді азаматы. Алғашқы еңбек жолын өзінің туған ауылынан бастап, ауылшаруашылық, жергілікті-әкімшілік басқару саласында бірнеше жыл жетекшілік қызметтер атқарды. Бүгінгі таңда, Батыс Қазақстан облысы кәсіподақтар орталығында төраға орынбасары қызметін атқаруда.

Кәсіподақтар атынан өз өкілеттілігін ұсынып жатқан өкілдің ең басты ұстанымы – «Лайықты өмір – лайықты еңбекпен ғана жетеді!». Праймериз ережесіне сәйкес дәл қазір кандидаттар бастауыш партия ұйымдарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Бауыржан Атауов, өз кезегінде күн сайын бастауыш ұйыдармен кездесулер өткізіп, партияластарының сұрақ-ұсыныстарын тыңдады. Үгіт-насихат жұмысының алғашқы күнінде Батыс Энергоресурсындағы бастауыш партия ұйымдарымен кездесу өткізсе, екінші күні «Уральскэнерго» АҚ-ның мамандарымен кездесті.

Бүгін, қыркүйек айының 11-і күні техникалық және кәсіптік білім оқу орындарының бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесіп, мамандардың ұсыныс-сұрақтарына жауап берді.

Батыс Қазақстан облысы аумағында үгіт-насихат жұмыстары 2020 жылдың 3-ші қазанына дейін жалғасатын болады. Кәсіподақ өкілі – Бауыржан Атауовқа қолдау көрсетіп, өкілеттілігіне сенім білдіреміз.