Бастауыш кəсіподақ ұйымы қайырымдылық шарасына қатысты

Ақтөбедегі “Шағала” спорт мектебінің бастауыш кəсіподақ ұйымы “Еріктілер жылы” аясында аз қамтылған жəне жалғызбасты мүгедек қарттарға қайырымдылық көрсетіп, азық-түлік пакеттерін таратты.

“Еріктілер біздің ұжымда белсенді. Біз əрдайым көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беруді парызымыз деп білеміз”, – дейді спорт мектебінің директоры Талғат Тақабаев. Ақтөбе облыстық мәдениет, спорт жəне ақпарат қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы жетекшісі Назира Табылдинова “Еріктілер жылы аясында биыл карантин кезінде де спорт саласындағы бастауыш ұйымдардың ауызбірлігі мен белсенділігін ерекше үлгі етеміз” деп атап өтті.

Қайырымдылық іс-шаралар кәсіподақ мүшелерінің қоғамдағы əлеуметтік жағдайларға бей-жай қарамайтындықтарын көрсетеді. Азаматтық қоғамды нығайтуда кəсіподақ еріктілерінің де қосқан үлесі мол.