Ұстаздар ҚРКФ стратегиялық бағдарламасына қолдау білдірді

«Ұстаз» Алматы қалалық жергілікті кәсіподағы Медеу аудандық филиалына қарасты білім беру мекемелері ҚРКФ кезекті XXVI съезінде қабылданған кәсіподақ мүшелерімен құжаттарды талқылау өткізді.

Өткен 5 жылдықта жасалған жұмыстардың өз дәрежесінде жүргізіліп, алдағы 5 жылдыққа жоспарланған шаралар мен мақсат, міндеттер таныстырылды. Съезде қабылданған ең басты құжат – Еңбек адам үшін маңызды «Әділеттілік пен дамуға – бірлікте» стратегиялық бағдарламасының қабылданғанына ұстаздар қауымы өте қуанышты. Осы стратегиядан зор үміт күтетінің, қарапайым жұмысшының құқығының тапталмай қорғалатынына сенімді.

Қазіргі уақыттағы келелі мәселелер легі қозғалған. Оның ішінде «Халықтық бақылау» жобасы аясында қоғамдық бақылауды күшейту, еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғауті қорғау, әлеуметтік кепілдік, ең төменгі жалақыны арттыру мен ең төменгі күкөріс мөлшерін есептеуге дейін енгізген.

Съездің күн тәртібінде қозғалған және қабылданған барлық мәселелер көпшіліктің қолдауына ие, әрі жүзеге асатынына сенімді.