27-қыркүйек – “Еңбек күні” мерекесіне орай “Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының м.а Өмірәлі Бердіғали және “Түркістан облыстық мемлекеттік, банк және қоғамдық қызмет көрсету мекемелері қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының” төрайымы Кулдар Аралбекқызы Түркістан облысы мемлекеттік архиф қызметкерлерін құттықтады. Негізгі мақсат – еңбек адамының мүддесін көтеру, еңбекке деген құрмет. Кәсіподақ қозғалысына атсалысып, ұзақ жылдар бойы елеулі еңбек еткен кәсіподақ мүшелері “Еңбек озаты” төсбелгісімен марапатталды.