2020 жылдың 25 қыркүйек күні Тараз қаласында «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одақ» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс VIII конференциясы өтті.
Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс VIII конференциясына 55 делегаттың 44 делегаты қатысты.
Кезектен тыс VIII-ші Конференциясының күн тәртібінде қаралған мәселелер: «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одақ» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының 2019 жылдың желтоқсан айы мен 2020 жылдың қазан айына дейінгі 10 айдың есебін тыңдау; Тексеру комиссиясының 2019 жылдың желтоқсан айы мен 2020 жылдың қазан айына дейінгі 10 айдың есебі; «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одақ» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасын сайлау; «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одақ» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының Тексеру комиссиясының құрамын толықтыру; «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одақ» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының Кеңес комиссиясының құрамын толықтыру.
Конференцияның Күн тәртібіндегі бірінші сұрақ бойынша Жамбыл облыстық кәсіподақ филиалының 10 айда атқарған жұмысы туралы төраға міндетін атқарушы Эльмира Дутбаева сөз алып, мазмұнды есеп берді. Екінші сұрақ бойынша Жамбыл облыстық кәсіподақ филиалының Атқару комитетінің мүшесі Тантай Ахметжанов Жамбыл облыстық кәсіподақ филиалының Тексеру комиссиясының есебін мәлімдеп берді. Конференцияға қатысушы делегаттар Жамбыл облыстық кәсіподақ филиалының жұмысын атқарып келген төраға міндетін атқарушы Эльмира Дутбаеваға алғыс білдіріп, қанағаттанарлық деген бағасын берді.
«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одақ» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасын сайлауға екі кандидатура ұсынылды.
Жамбыл облыстық филиалы 2020 жылғы 14 шілдеде онлайн режимінде өткен Кеңесінің № 1 Қаулысымен Жамбыл облыстық филиалының төраға міндетін атқарушы Дутбаева Эльмира Ермекбайқызы, екінші кандидатура Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы, бүгінде зейнеткер Бықыбаев Дүйсенәлі Дыбысалыұлы өзін-өзі ұсынды.
Жамбыл облыстық филиалының төраға міндетін атқарушы Дутбаева Эльмира Ермекбайқызы сайлаудан бас тартып, Жамбыл облыстық филиалының төрағасы болып Бықыбаев Дүйсенәлі Дыбысалыұлы бірауыздан сайланды.
Конференция соңында Жамбыл облысы, Талас аудандық тарихи-өлкетану музейінің директор қызметін атқарып, бүгінде зейнетке шыққан Рымқұлов Есенхан Қойшыманұлы және белгілі ақын, Меркі ауданының тумасы Шырын Мамасерікова Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одақ» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгілерімен марапатталып, сый-сияпаттар көрсетілді.