Дауылбай Байзақұлы Қарашаевтың жасы бүгінде 83-ке таяды.Ұзақ жылдар бойына Ақтөбе облысы ішкі істер департаментінде 30 жыл кәсіподақ комитетінің төрағасы болып,жемісті қызмет атқарды. Дауылбай Байзақұлы еңбек жолын 1965 жылды Алматы медицина училищесін бітіріп, Ойыл ауданында бастаған. Кейін Темір ауданында еңбек жолын жалғастырған. 1970 жылы Мәскеу қаласындағы жоғарғы кәсіподақ мектебін бітіреді. 1987 жылы Ақтөбе облысы ІІБ біріккен кәісподақ комитеті төрағасы болып сайланады.Ішкі істер департаментінде жұмыс атқарған жылдары ол ұжым мен кәсіподақ мүшелері арасында еңбекқорлығы мен жауапкершілігі арқасында үлкен беделге ие болды.
Кәсіподақ жетекшісі ретінде қарапайым азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге көп қолдау жасады. Ол жұмыс атқарған жылдары Кәсіподақ комитеті мен әкімшілік арасында ұжымдық шарттар жасалды, олар кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық мүдделерін реттеуге көп септігін тигізді.Ұжымда еңбек дауларын шешу үшін жұмыс беруші мен кәсіподақ өкілдерінің тең санынан тұратын келісім комиссиясы құрылды.
Дауылбай Байзақұлының бастамасымен ІІД-де бастауыш кәсіподақ мүшелеріне ұзақтығы 30 күн демалыс белгіленді.Сонымен қатар ерікті жалдамалы қызметкерлер мен техникалық қызметкерлерге еңбек демалысына шыққан кезде бір жалақы мөлшерінде сауықтыру төлемін алуға мүмкіндік жасады.Ұзақ жылғы жемісті еңбегі зая кеткен жоқ. Көптеген марапаттар, алғыс хаттар иеленді.Ең бастысы- кәсіподақ мүшелерінің ризашылығына бөленді.
Бүгінде құрметті еңбек демалысындағы кәсіподақ ардагерін «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе филилалының жетекшісі үйіне барып құттықтап, халықаралық қарттар күнінде ардақты ардагерге ізгі лебізін білдірді.