Әлеуметтік серіктестерді қоғамдық ынталандыру жүйесін дамыту, кәсіпорын басшыларының, мұнай-газ саласындағы алдыңғы қатарлы жұмысшылардың өнімді жұмысын ынталандыру Қазақстан Республикасы кәсіподақтары федерациясы мен оған мүше ұйымдардың қызметіндегі маңызды компонент болып табылады.
Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы Төрағасының орынбасары, «Қазақстан мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сұлтан Қалиев Ақтауға жұмыс сапары аясында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ңын бас директоры Лю Цзиньчэн мырзамен, оның бірінші орынбасары Қалбай Ізмұхановпен кездесті. Кездесуге жергілікті кәсіподақ төрағасы Тарғын Мысамбаев және «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ-ның кәсіподақ ұйымыңын төрағасы Бердібек Қуатбай қатысты. Онда әлеуметтік серіктестер санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен карантинді сақтау жағдайында кәсіпорында еңбек заңнамасының және Ұжымдық шарттың ережелері орындалуы туралы ақпаратпен алмасты. Жұмыс берушілер мен кәсіподақтар әлеуметтік серіктестік пен ұжымдық келіссөздерді одан әрі нығайтуға, өндірістің тұрақтылығы мен тұрақты дамуына қолдау көрсететіндіктерін білдірді.
Кездесу барысында компаниялардың басшылығы ұжымдық келісімнің қабылданған нормаларын орындауға, қауіпсіз еңбек үшін қажетті жағдайларды жасауға, әлеуметтік қорғауға және қызметкерлердің лайықты жалақысын сақтауға, мыңдаған еңбек ұжымы мүшелерінің өмірі мен денсаулығын қорғауға арналған қосымша шаралар қабылданғаңына назар аударды.
Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары, ҚАЗМҰНАЙГАЗКӘСІП төрағасы Қалиев С.Е. сындарлы диалог пен келіссөздердің, кәсіподақтың «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылығымен тиімді өзара іс-қимылының оң үрдісін атап өтті, соңын нәтижесінде қызметкерлерге берілетін әлеуметтік төлемдердің алдыңғы келісіммен салыстырғанда жылына 1,5 млрд. теңгеге өсті.
Тәуелсіздік күнін атап өту құрметіне Сұлтан Қалиев «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры Лю Цзинчэн мырзаға және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорыңын бірінші орынбасары Ізмұханов Қалбай Әжімбайұлына серіктестер жүйесін дамытуға қосқан маңызды үлесін, мұнай-газ саласындағы еңбек қатынастарын шарттық реттеу ұшін Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының «Үздік әлеуметтік әріптес» белгісін табыстады.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылары мұнай-газ кешенін дамытуға және әлеуметтік серіктестікті нығайтуға қосқан үлесі үшін осындай жоғары баға бергені үшін Қазақстан Кәсіподақтар федерациясына зор ризашылықтарын білдірді.