Бүгін Павлодарда «Күш бірлікте! Вместе мы – сила!» атты Павлодар облысының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының Форумы өтті.
Форум аясында ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайымның Павлодар облысының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен кездесуі болды. Аталмыш іс-шара жұмысына облыстың барлық бастауыш ұйымдарының өкілдері қатысты.
ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының орынбасары Мұхтар Тінікеев, «Қазақкәсіпметалл» тау-кен металлургия салалық кәсіподағының, «ҚазТрансОйл» АҚ теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының басшылары Форумға қатысушылар алдында сөз сөйледі.
Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов салалық кәсіподақтың алдында тұрған жаңа міндеттермен таныстырды.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайым қатысушылар алдында қорытынды сөз сөйлеп, Павлодар облысының кәсіподақ қозғалысының бірқатар қатысушыларын «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» ҚРКФ белгісімен марапаттады.
Бүгінгі таңда Кәсіподақтар федерациясы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының дамуына басты назар аударуда. Павлодар қаласында өткен Форум ағымдағы жылы ҚРКФ басшылығының бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен үшінші ірі кездесуі болды.
6 сәуірде Қостанай қаласында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен «Бес әлеуметтік бастама. Әлеуметтік инновациялар. Келешек келбеті» Форумы өтті. Аталмыш жиынға Қостанай облысы бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымдарының 260 басшылары мен өкілдері жиналды.
10 сәуірде Астана қаласында «Қазақстан теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ бастауыш ұйымдары төрағаларының «Ортақтастық, Ынтымақтастық, Жасампаздық» атты Республикалық Форумы өтті. Аталмыш Форум жұмысына Салалық кәсіподақтың аумақтық кәсіподақтары мен филиалдарының, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының 290 өкілдері қатысты.
ҚРКФ 2018 жылдың соңына дейін Қазақстанның барлық өңірлерінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарының Форумдарын өткізуді жоспарлауда.