Өңірдің жастар ұйымдарымен өткен жиынға “Келешек” жастар кеңесі де қатысты

2021 жылдың 27 қаңтар күні “Bastau” коворкингте Батыс Қазақстан облыстық жастар саясаты басқармасының жетекшілігімен өңірдегі жастар ұйымдарының өкілдері кездесті. Аталмыш кездесуге “Келешек” кәсіподақ жастарының өкілдері де қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жасалған жұмыс жоспарын талқылау, ұсыныс-пікірлерді ортаға салу.

Облыстың жастар ісі жөніндегі ресурстық орталықтарының жетекшілері және әртүрлі жастар ұйымдарының басшылары өздерінің ұсыныс-сұрақтарын жолдады.

Жиын барысында “Келешек” жастар кеңесінің БҚО бойынша төрайымы – Ақерке Шайқы “Еңбек кубогі – 2021” кәсіпорындардағы жұмысшы жастар мен NEET категориясындағы жастар арасында ұйымдастырылатын шараларға қатысты және жастардың саяси сауаттылығын арттыру мақсатында бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

“БҚО КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫ” АКБ