2021 жылдың 4 ақпан күні ZOOM платформасында Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен 2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы қызметінің «Әділеттілік пен дамуға – бірлікте» атты стратегиясы аясында еңбек қауіпсіздігінің басты бағыттарын түсіндіру, техникалық инспекторлардың жұмыстарын жетілдіру мақсатында кәсіподақ ұйымдарының еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларына арналған онлайн кездесуі өткізілді.
Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова онлайн бас қосуда сөз алып:
– Кәсіподақтардың басты назар аударатын мәселелерінің бірі – бұл еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі. Бүгінгі таңда, облыс бойынша кәсіподақ ұйымдары бар мекемелерде 528 өндірістік кеңес, 748 техникалық инспекторлар өз жұмыстарын атқаруда. Ендігі кезекте өзге де өндіріс орындарында өндірістік кеңестер құру жұмыстарына ерекше назар аударылуда, – деді ол.
Аталмыш кездесуге 100-ден астам техникалық инспекторлар қатысты. Еңбек инспекциясы бойынша басқармасының еңбек инспекторы Г.Изимбергенова облыстағы еңбек қауіпсіздігінің ахуалы жөнінде баяндады. Сонымен қатар, «Оралэнерго» АҚ, «Батыс су арнасы» ЖШС, «КПО б. в.» компаниясының техникалық инспекторлары жұмыс барысындағы озық еңбек тәжірибелерімен бөлісті.
Кәсіподақтар орталығы әлеуметтік әріптестермен бірлесіп техникалық инспекторлардың қызметін жандандыру, соның ішінде ұжымдық шарттарға техникалық инспекторларды моральдық және материалдық ынталандыру түрлерін енгізу, сондай-ақ, техникалық инспекторлардың үздік, озық іс-тәжірибелерінің таралымы бағытындағы шаралар жалғасын табатын болады.