Бүгін ҚР Кәсіподақтар Федерациясы Атқару комитетінің кезекті отырысы өтті.
Отырысты аша отырып, ҚРҚФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Атқару комитетінің қарауына ұсынылған мәселелерге тоқталды.
Атқару комитеті мүшелеріне ҚРКФ-ның 2020-2025 жылдарға арналған Стратегиясын іске асыру аясында әзірленген бірқатар жобалар ұсынылды.
ҚРКФ төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев кәсіподақ мүшелерін Федерация қызметіне және шешім қабылдау процесіне тартуға бағытталған «Халық бюджеті» кәсіподақтар жобасын таныстырды.
Жоба мақсаты – ҚРКФ қолдайтын кәсіподақ мүшелерінің бастамаларын анықтау.
«Халық бюджеті» жобасына кәсіподақтардың, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының, бастамашыл топтардың, жастар кеңесінің, еңбеккер әйелдер комиссияларының мүшелері қатыса алады.
«Жобаны іске асыру кәсіподақ мүшелерін шешім қабылдау процесіне тарту арқылы кәсіподақ қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға, сондай-ақ бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен өзара іс-қимылды жақсартуға ықпал етеді», – деді Нұрлан Өтешев.
Жобалар жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру, жұмысшы мамандықтарына қызығушылықты арттыру, кәсіпорын, ұйым деңгейінде жұмыскерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік әріптестікті дамыту мен күшейту, қауіпсіз еңбек жағдайлары мен лайықты жалақыны қамтамасыз ету, кәсіподақ қозғалысының тартымдылығын, беделі мен имиджін арттыру және Кәсіподақтар Федерациясының стратегиясын іске асыру шеңберіндегі басқа да басымдыққа ие бағыттар бойынша іріктелетін болады.
Дегенмен жобаларға қойылатын басты талаптар – әлеуметтік-қоғамдық маңызы, өзектілігі, жаңашылдық, кәсіподақ жобасын одан әрі дамыту перспективалары болмақ.
ҚРКФ төрағасы орынбасарының айтуынша, «Халық бюджеті» жобасына іріктеу мен бақылау және жүзеге асыру мүшелік ұйымдардан құрылған Сараптау комиссиясына жүктеледі.
ҚРКФ төрағасы бастаманың кәсіподақ қызметінің ашықтығын арттыру тұрғысынан маңыздылығын атап өтті.
«КРКФ стратегиясында біз кәсіподақтарды дамытудың жаңа бағытын белгіледік. Олардың қатарында жобалық қызмет форматы да бар. Кәсіподақтар федерациясы үшін «Халық бюджеті» жобасы осы бағыттағы алғашқы қадамдардың бірі болып табылады. Кәсіподақ бюджеті демократиялық және ашық болуы керек. Кәсіподақтың әрбір мүшесі мүшелік жарналарын төлей отырып, жинақталған қаражаттың қайда және қандай мақсаттарға жұмсалатынын түсінуі керек. Олар, ең алдымен, жұмыскерлердің құқықтарын қорғауға және мүдделерін білдіруге жұмсалуы керек. Сонымен қатар, жоба кәсіподақ мүшелеріне бюджет қаражатын жұмсауға қатысуға мүмкіндік беруі керек. Кәсіподақ мүшелері жүйеден тыс емес екенін түсінуі керек, біз біріккен күшпіз », – деп атап өтті Сатыбалды Дәулеталин.
ҚРКФ төрағасы барлық мүшелік ұйымдарға «Халықтық бақылау» жобасының ережелерін кәсіподақтың әрбір мүшесіне жеткізуді тапсырды.
Келесі тағы бір маңызды жоба – «30 Еңбек Елшісі». Кәсіподақтар федерациясы жанындағы «Келешек» Жастар кеңесі жүзеге асыратын жоба Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қолға алынғалы отыр. «Жоба жалдамалы қызметкер үшін тартымды болатын көпшіліктің санасында кәсіподақтардың оң бейнесін қалыптастыруға бағытталады. Басты міндеттер: жастар арасында еңбек құндылығын насихаттау, кәсіподақ қызметіне талантты жастарды тарту және кәсіподақ жастары үшін жаңа әлеуметтік лифт құру. Осылайша табысқа жету, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм және білім беру идеяларын ілгерілете отырып, өз қолымен, интеллектімен және дарынымен қазіргі заманғы Қазақстанды құруға ат салысып, еңбек саласының және тұтастай алғанда елдің дамуына елеулі үлес қосып жатқан замандастарымызды дәріптейтін боламыз»,-деді аталған кеңес төрайымы Дария Хамитжанова.
ҚРКФ төрағасы кәсіподақ көшбасшыларының жаңа буынын қалыптастыру тұрғысынан жастар жобасын ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті. «Кәсіподақтардың болашағы – жастар. Кәсіподақтағы жастардың үлесі шамамен 30% құрайды. Менің ойымша, бұл жақсы көрсеткіш. Соған қарамастан, біз жастарды өз қатарымызға тарту үшін барлық шараларды қабылдауымыз керек. Жоба аясында бастамашыл жастар өздерінің әлеуеттерін іске асыруға мүмкіндік алады », – деді Сатыбалды Дәулеталин.
Ол өз әріптестерін жобаға кәсіподақтардағы белсенді жастарды мейлінше көптеп тартуға шақырды.
Күн тәртібіне сәйкес Атқару комитетінің мүшелері сауалнама арқылы 5 Аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің төрағаларын сайлады.
Атқару комитеті Парламент Мәжілісіне депутат болып сайлануларына байланысты Қостанай облысы кәсіподақ орталығының төрағасы Екатерина Смышляеваны, Жамбыл облысы кәсіподақ орталығының төрағасы Мейрамбек Төлепбергенді және Шымкент қаласындағы кәсіподақ орталығының төрағасы Берік Бекжановты қызметінен босатты.
Атқару комитетінің шешімімен Шымкент қаласы мен Қостанай, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан облыстары кәсіподақ орталықтарының төрағалары сайланды.
Әр кандидатураны объективті бағалау мақсатында талқылау барысында салалық кәсіподақтар мен олардың аймақтық құрылымдары басшыларының пікірлері есепке алынып отырды.
Отырыс соңында қатысушылар ҚРКФ төрағасына Атқару комитетінің шешімдерін қабылдауда аймақтардағы кәсіподақ көшбасшыларының пікірі ескерілгеніне ризашылықтарын білдірді.
Агроөнеркәсіп кешені жұмысшылары кәсіподағының Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалының төрағасы Барлыбай Қуандықов ҚРКФ қызметінің мәселелерін ашық талқылаудың жаңа тәжірибесінің маңыздылығын атап өтті.
«Мен кәсіподақта көптеген жылдар бойы жұмыс істеп келемін және бүгін үлкен өзгерістер яғни Кәсіподақтар Федерациясының жұмысында ашықтықтың демократиялық принциптері болды деп толық сеніммен айта аламын. Біздің жұмысымыздың ашықтығы әрдайым еңбек адамдарына қызмет етсін », – деп атап өтті Барлыбай Қуандықов.
«Біз федерацияда ашықтық саясаттың басталғанына ризамыз. Аумақтық кәсіподақ бірлестіктері төрағаларының кандидатураларын Атқару комитетінің отырысында өңірдегі кәсіподақ белсенділерінің қатысуымен талқылау осының айқын дәлелі»,-деді Білім және ғылым қызметкерлерінің Маңғыстау облыстық кәсіподағының төрайымы Тәрбие Байымбетова.
Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы